Алматының Барахолкасындағы жолға наурыз айының соңына дейін «Сергек» бейнебақылау камералары орнатылады

Алматы әкімі Ерболат Досаев Алатау ауданының тұрғындарымен кездесу барысында осындай тапсырма берді.

gov.kz

Алматы, NEGE. Тұрғындар Солтүстік айналма жолын ретке келтіруді және ретсіз көлік тұрағына тыйым салуды сұрады. Қала тұрғындарының айтуынша, бұл аумақтағы жол қозғалысы ережесін такси жүргізушілері елемейді.

«Биыл Алатау ауданында барлығы 37 «Сергек» камерасын орнату жоспарланған. Соның бірін наурыз айының соңына дейін Солтүстік айналма жолына орнатуды тапсырамын», - деді Ерболат Досаев.

2024 жылы Алматыда барлығы 10 мыңға жуық бейнебақылау камерасын орнату жоспарланып отыр.

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды