Алматылықтардың мазасын алған тәжікстандық жасөспірімдер елден шығарылды

Алматы қаласында қоғамдық орындарда құқыққа қайшы әрекеттер жасаған шетел азаматтары сот шешімімен Қазақстан аумағынан шығарылды. Бұл туралы қалалық полиция департаменті хабарлады.

Полиция

Алматы, NEGE. Ведомство мәліметінше, сот қаулысымен аталған азаматтарға елге қайта кіруге тыйым салынып, мәжбүрлі түрде шығару туралы шешім қабылданған.

Полицияның хабарлауынша, бұған дейін әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында кәмелетке толмағандарға қатысты агрессивті әрі әдепсіз мінез-құлық көрсетілген бейнежазбалар анықталған.

Жедел шаралардың нәтижесінде жасөспірімдер анықталып, кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына орналастырылды. Ал олардың заңды өкілдері балаларды тәрбиелеу міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Қалалық полиция департаменті қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Түркістан облысында жалған айғақ беруге айдап салған адвокат сотталды

Қазақстанда жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы тоқтатылды

Қазақстанның оңтүстігінде тұрғындар жер сілкінісін сезді

Әл-фараби даңғылында жол апаты: Ішкі істер министрі тергеу барысын баяндады