Алматылықтарды алдаған курьер ұсталды

Полиция қызметкерлері алматылықтарды алдаған курьерді ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Polisia.kz

Алматы, NEGE. Полицияның мәліметінше, Өзбекстан азаматы курьер ретінде келісімшартқа отырып, алматылықтарды алдаған. Мобильді қосымшалардың біріне тіркеліп, ер адам жеткізу үшін тауарды алған, бірақ оны межелі жерге жеткізбеген.

– Полицияға азаматтардан арыз-шағымдар түсе бастады. Курьер дер кезінде анықталып, ұсталды. Ол – 28 жаста. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың бұрын жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Сонымен қатар күдікті бұрын да мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотты болған. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне (Алаяқтық) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Олжас Шәріпов.

ҚР ҚК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді. 

Қазір оқып жатыр

Жасанды интеллект дәуіріндегі кино: Қазақстанда халықаралық AI Film Festival өтеді

«Қызымды өзім қарсы алдым»: Төреғали Төреәлі жеті перзенттің әкесі атанды

Абай облысында жоғалып кеткен үш жасар баланы полицейлер ен даладан тапты

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған