Алматылықтар саумал ішу үшін сағаттап кезекте тұр

Бүгінде саумалға сұраныс артты. Жаңа сауылған бие сүтін ішу үшін алматылықтар түнгі бірден бастап кезекте тұрады.

Алматы, NEGE. Оның өзінде жетпей қалуы мүмкін дейді. Ұлтымызда саумалдың емдік қасиеті бар екені бұрыннан белгілі. Сондықтан мегаполис тұрғындары дәруменге бай сусынды мың дәрінің баламасы деп есептейді. Әсіресе, иммунитетті көтеруде пайдасы зор дейді олар. Қалада және қала маңында бие ұстайтын шаруа қожалықтарының жанындағы көрініс күндіз-түні осындай.
Құрамында А, В, С және Д дәрумені бар саумалдың өкпе, асқазан, ішек жолдарына расында да пайдасы зор дейді қымызды зерттен жүрген ғалым. Бірақ оны ішудің өз реті бар екенін естен шығармау керек. Саумалды бие сауғаннан кейін 10-15 минуттың ішінде ішілмесе, сүт өзгеріске ұшырайды. Бұл сізге ем емес, 15-20 минуттан кейінгі сүт қышқылы көтерілуіне байланысты бұл сізге ауыр болуы да мүмкін. Қалай дейсіз ғой, өйткені құрамындағы витаминдердің өзгеруіне байланысты сіз ішкеннен кейін, асқазандағы қышқыл көтеріледі де, адамның іші жүруі мүмкін немесе құсуы мүмкін. Пандемия кезінде көптеген дәрінің баламасына айналған ұлттық сусынның қадірін халық енді түсіндік дейді. Сондықтан көпшілік табиғи таза өнімдердің қолжетімді болғанын қалайды.

Қазір оқып жатыр

Астана емханасында емге бөлінген қаржы Италия сапарына жұмсалған

Қошанов иттерді күтіп ұстауға бөлінген миллиардтардың мақсатты жұмсалғанына күмән келтірді

Энрике Иглесиасқа Қазақстанда жанкүйерлерін сүюге рұқсат етіле ме?

Мәжіліс қаңғыған жануарларды эвтаназиялау туралы заңды мақұлдады