16 августа 2023 г. 9:58

Алматылықтар «Q-net» қаржы пирамидасына 75 млн теңге салған

Фото:

Қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшелерін басқарды деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталды. 

Алматы, NEGE. Тергеу барысында іс бойынша 5 айыпталушы 2018 жылдың қарашасынан 2022 жылға дейін «Q-net» қаржы пирамидасының Алматыдағы филиалдарын басқарғаны анықталды. Оның қызметіне 45 салымшы тартылып, 75 млн теңге материалдық шығын келтірген. Қазіргі таңда 5 тұлғаға қатысты тергеу аяқталып, сотқа жолданды.

Тергеу барысында 27,7 млн теңге сомасына мүлікке тыйым салынды.

Тегтер: