Алматылықтар мерекелік марафонда жарысты

Тәуелсіздік күні мен Дінмұхамед Қонаевтың 110 жылдығына арналған марафонға жас та, кәрі де келген.

 Алматы, NEGE. Алматылықтар 60 шақырым жүгірді. Салтанатта сөз алғандар Тәуелсіздіктің қадірін айтып, Дінмұхамед Ахметұлының рухына тағзым етті. Одан соң марафоншылар Қонаев қаласын бетке алды. Қыстың көзі қырауда 60 шақырымға жүгіру оңай емес дейді желаяқтар. Әйтсе де, олардың алды 3 жарым сағатта қалаға аяқ іліктірді. Марафонның соңында жұрт Алматы облысының орталығындағы Қонаев ескерткішіне гүл қойды.