Алматылықтар "Медеудегі" ақылы тұраққа наразы

Оның айтуынша, тұрақтың ақшасы және компанияның қалтасына түседі.

Алматы,  NEGE. Алматы тұрғыны "Медеу" мұз айдынының жанында ақылы тұрақ жасау туралы шешімге наразы болды.

"Алматылықтар Көк базардағы тариф көтерілгенде үндемеді, қазір 100 теңгенің орнына 150 теңге төлейміз. Біздің көңгіштігіміз бен үнсіздігіміз "Медеудегі" тұраққа тәулік бойы ақша төлеуге әкелді. Менің ойымша, бұл тек бастамасы. Біздің үнсіздік - AParking-ке төленетін алтын", - деп жазды Андрей Андреев Facebook-те.

Жазбаға жазылған пікірлер арасында қазақстандықтарды бәрінен бұрын тұрақтан түскен ақша қалай жұмсалатыны қызықтырды.

"Төлеу керек, бюджетке түссе". "Ақша кімнің қалтасына түсетіні белгісіз". "Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы көшелерде, қоғамдық орындарда көлік қоюға төленетін ақшаны неге жеке компаниялар алады? Жеке компаниялар салық төлейді деп айтпауыңызды сұраймын. Салықты елімізде бәрі төлейді", - деп жазып жатыр .

Қазір оқып жатыр

Алматы әуежайын су басты

Алматы облысында «Тазалық күндері»: 39 мың адам қатысып, 760 тонна қоқыс жиналды

Тоқаев өзіне сыйға берілген тұлпарларды қарап шығып, оларға жем берді

Жетісу облысында «Сиверс алма ағашының гүлдеуі» фестивалі жоғары деңгейде өтті