Алматылықтар хайуанаттар бағын жабуды талап етуде

Алматы тұрғындары сауда орталықтарында орналасқан шағын хайуанаттар бағына қатысты наразылық білдірді.

Алматы, NEGE. vk.com әлеуметтік желісіндегі Я очевидец Алматы қауымдастығында хабарлама қалдырған белгісіз адам Алматы молл сауда орнындағы шағын хайуанаттар бағындағы жануарлардың жағдайына алаңдаушылық білдірген. Тар қапастағы жануарлардың жағдайы тым аянышты екенін жазған желі қолданушы қала тұрғындарын сауда орнына келіп жануарларды қорлауға қарсылық білдіруге шақырған. Бірнеше сағат ішінде жазбаға жүздеген адам пікір қалдырып, қолдау білдірген. Көрші Ресейде жақында сауда орындарындағы шағын хайуанаттар бағына тыйым салынған еді.    

Қазір оқып жатыр

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

«Бірінші кредиттік бюро» басшылығына қатысты тергеу аяқталды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

21 наурыз – «Ынтымақ күні»