Алматылықтар 300 кг гуманитарлық көмек жинады
Алматыда гуманитарлық көмек жинау жұмысына 30-ға жуық еріктілер ұйымы кіріскен.
Алматы, NEGE. Бір күнде олар 300 кг гуманитарлық көмек жинады. Бұл туралы QAMQOR CHARITY қоғамдық қорының өкілдері хабарлады. Еріктілер алматылықтардың ерекше белсенділігін атады.
Хабарландырудың алғашқы күнінен бастап бұл қайғылы жағдайға бей-жай қарамайтын көптеген тұрғын көмегін ұсынған. Атап өтерлігі, еріктілер қаржылай көмекті қабылдамайды. Ниет білдірушілер бірінші кезекте қажет азық-түлікті (консервілер, макарон және т.б.), бір рет қолданатын ыдыс, қуаттау құралдары, жеке бас гигиенасына қажет заттар, су және т.б. Еріктілер осы аптаның соңына дейін алғашқы көмекті жөнелтуді жоспарлап отыр.
Көмек қолын созамын деушілер Алматы қаласы еріктілерінің фронт-кеңсесіне жүгіне алады. Мекенжайы: Байтұрсынов көшесі, 22, 1 ғимарат, 1 қабат.
Қабылдау пунктінің жұмыс уақыты: сағат 10:00-19:00 Call орталықтың нөмірі: +7 747 821 64 78, +7 747 540 01 40, +7 771 625 77 76.