Алматылықтар 14,9 млрд теңгенің дәрісін тегін алды

Биылғы жылдың өткен 9 айында Алматы тұрғындарына 14,9 млрд теңгенің дәрі-дәрмегі тегін берілді. Бұл туралы Медициналық сақтандыру қорының қалалық филиалы хабарлады.

Алматы, NEGE. Филиал директоры Тілеухан Әбілдаевтың айтуынша, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру енгізілгелі бері пациенттер бағасы көпшіліктің қалтасы көтере бермейтін қызметтерді белсенді түрде пайдаланып келеді. Соның ішінде медициналық қызмет көлемі ғана емес, сырқат түрлеріне қарай берілетін дәрі-дәрмек саны да бұрынғыдан бірнеше есе артты,  – дейді ол. Бүгінде МӘМС және тегін медициналық көмек пакеттері шеңберінде 126 түрлі дерт бойынша тегін дәрі-дәрмек беріледі. Оның ішінде коронавирус инфекциясы да бар. 

«Жалпы, 2021 жылы қос пакет шеңберінде Алматы қаласы бойынша пациенттерді амбулатория деңгейінде дәрі-дәрмекпен қамтуға 19 млрд теңге бөлінген», – деді филиал басшысы.

Тегін дәрі-дәрмек кімдерге беріледі?

Тегін медициналық көмек пакеті бойынша: Диспансерлік есепте тұрған Қазақстан азаматтары, ықтиярхаты бар шетел азаматтары 47 түрлі ауру бойынша дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіледі. 

МӘМС пакеті бойынша: Белгілі бір сырқатына байланысты диспансерлік есепте тұрған, сақтандырылған азаматтар. Сақтандыру пакеті арқылы ересектерге 27 нозология бойынша, балаларға 52 нозология бойынша дәрі тегін беріледі. Дәрі-дәрмек 18 жасқа толмаған балаларға дәрігер тарапынан диагнозы нақтыланғаннан кейін беріледі.

Қазір оқып жатыр

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады

Қазақстан Иранға 30 вагон гуманитарлық көмек жіберді