Алматылықтар VIP нөмірге 2,6 млрд теңге жұмсаған

Алматыдағы арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарында былтыр 2 697 446 835 теңгеге 7 318 VIP нөмір берілген. 

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының филиалы басшылығы мәлімдеді. 

Сандар мен әріптердің комбинациясына байланысты VIP-нөмірлердің бағасы былтыр 196 650 теңгеден басталды. Ең қымбаты 2023 жылы 983 250 теңгеге бағаланыпты.

Ең қымбат нөмірлерге 001, 002, 003, 004, 005, 006, 007, 008, 009, 777, қолжетімді әрі әдемі нөмірлерге 010-090 және 077-707 жатады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Алматы қаласы бойынша филиалы өткен жылы 996 802 көлік тіркеліп, 265 326 жүргізуші куәлігі берілгенін мәлімдеді.

Мегаполистегі барлық ХҚО 2 861 085 қызмет көрсетті.

Айта кетейік, көліктің мемлекеттік нөмірлерін онлайн рәсімдеуге болады

Қазір оқып жатыр

Полиция полковнигі Данияр Мейірхан сталкинг бойынша күдікке ілінген

«15 мың төлеймін, бірақ интернет жоқ»: депутат интернет сапасына шағымданды

Kaspi.kz Астанада өтетін IOAI 2026 халықаралық жасанды интеллект олимпиадасының бас серіктесі болды

Іздеуде жүрген төрт қазақстандық ҰҚК арнайы жасағының конвойымен елге жеткізілді