Алматылықтар түнде тағы да жер сілкінгенін сезді

Зілзала ошағы қаладан оңтүстік-шығысқа қарай 262 км қашықтықта Қытай аумағында орналасқан.   

ғаламтордан

Алматы, NEGE. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ЖШС бүгін (Гринвич бойынша 26 қаңтар күні Алматы уақыты бойынша 02 сағат 01 минут 28 секундта) жер сілкінісін тіркеді.

Зілзаланың энергетикалық класы 12.7. Магнитудасы 5.7 MPV. Бағыты 41.32° с.е. 78.84° ш.б. жатыр. Тереңдігі 10 км. Ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 262 км қашықтықта Қытай аумағына жатыр.

Алматы мен Талғар қалаларында жер дүмпуі 2 балдық болды.

Құзырлы органдардың хабарлауынша, кезекшілік қойылған аймақтарда құлаған ештеңе байқалмайды, жағдай қалыпты.

Қазір оқып жатыр

Алматыдағы 2,2 млрд теңгелік коттедждің кімге тиесілі болғаны анықталды

Экономика министрлігі халық табысы не себепті азайғанын түсіндірді

Түркістан облысында жас келіншек сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған

Алматы облысында офицер қоластындағы қызметкерге күш қолданған