Алматылық жастар вирусты көп жұқтырып жатыр
Алматыда өткен онлайн брифинг барысында қалалық Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Жандарбек Бекшин қаладағы эпидемиологиялық ахуал туралы айтты.
Алматы, NEGE. «Оның ішінде көбінесе коронавирус жұқтырғандардың жасы 20-29 аралығында. Олардың үлес салмағы 19,3 болып отыр. 30-39 жастағы адамдар арасында 13,1 пайыз, қауіп тобы боп саналатын қарт кісілер арасында 7,7 пайыз құрап отыр», – деді Ж.Бекшин.