Алматылық тұрғын бұрынғы әйелін қағып кетті

Алматы тұрғыны бұрынғы әйелін қағып кетті.

Алматы, NEGE. Алматыда ер адам бұрынғы әйелін көлікпен басып кетті.

Оқиға 17 маусым күні кешке болған. Жедел-жәрдем мен полицияны Жетісу ауданының тұрғындары шақырды. Қалалық полиция департаменті мәліметінше, бұрынғы күйеуіне жас келіншек өзі келген.

«Ол күйеуінен көлікті тұраққа дейін айдап баруды өтінген. Ер адам рульге отырған кезде, әйел қозғалып бара жатқан көлікке отырмақшы болған. Сол кезде оны көлік басып кеткен. Сонымен қатар, ер адамның мас болғаны және жүргізуші куәлігі жоқ екені анықталды», - деп хабарлады полициядан.

Полиция аталған дерек бойынша тексеруді бастады.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды

Перуашевтің орынбасары мен генерал-майор Воронкинге үкім шықты

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті