Алматылық оқушылар республикалық математикалық олимпиадада барлық жүлделі орынды иеленді

Алматының 6 оқушыдан тұратын екі құрама командасы XVІ республикалық «Бастау» математикалық олимпиадасында үздік нәтиже көрсетті.

Алматы, NEGE. Сайысқа Қазақстанның барлық өңірінен 150-ге жуық 2-4 сынып оқушылары қатысты. Олимпиада 3 кезең бойынша өтті: алғашқы екеуі – командалық есеп, соңғысы – ауызша жеке есеп.

Тапсырмалар математикалық логиканы дамытуға бағытталған.