21 февраля 2023 г. 12:21

Алматылық мұғалімнің оқушылармен бірге жануарды өлтіріп, бөлшектеп жатқан видеосы тарады

Фото:

Желіде биология сабағында мұғалімнің оқушылармен бірге теңіз шошқасын өлтіріп, бөлшектеп жатқан видеосы жарияланды.

Алматы, NEGE. Мектепте мұндай «тәжірибелік» сабақ өткізген ұстаздың әрекетін қалалық білім басқармасы тексерді.

Нәтижесінде, бұл жағдай 17 ақпанда Алматыдағы жекеменшік мектептің 10-сыныбында биология пәнінен қосымша практикалық сабақта болғаны анықталды. 

Мұғалімнің айтуынша, ол оқушылардың сұрауымен «анатомия және физиология» бөлімі бойынша қысқаша мазмұнда теңіз шошқасының ішкі мүшелерін көрсету мақсатында практикалық сабақ өткізген. 

«Мектеп мұғалімдерімен алдағы уақытта осындай фактілердің алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар мектепішілік бақылауды күшейту және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауды, жануарларға қатыгездік жасамауды қалыптастыру мен оның алдын алу бойынша тәрбие жұмыстарын жүргізу туралы мектеп әкімшілігіне ұсыныстар берілді», - Алматы қаласы Білім басқармасының баспасөз қызметі.

Биология пәнінің мұғалімі өз еркімен жұмыстан кеткен. 

Тегтер: