Алматылық медицина қызметкерлері вакцина салдырды
Алматыда 900 медицина қызметкері коронавирусқа қарсы вакцина салдырды.
Алматы, NEGE. Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 1 ақпанда 360 медицина қызметкері вакцина салдырған.
«Бүгін вакцина салдырған медицина қызметкерінің саны – 540. Күннің соңына дейін вакцина салдырғандар саны артатын болады», – деп хабарлады басқармадағылар.
Ведомство мәліметінше, кеше, яғни 1 ақпанда вакцинациядан 32 медицина қызметкері бас тартты.
«Оларда ЖРВИ, жөтел және де басқада созылмалы аурулары болды. Бұл қызметкерлер денсаулығы жақсарғанан кейін екпені салдыра алады. Әзірге 2-4 аптаға кейінге қалдырылды. Вакцинациядан өткендерде жағымсыз әсерлер байқалған жоқ», – деп атап өтті денсаулық сақтау басқармасы.