16 января 2022 г. 12:39

Алматылық еріктілер өртенген әкімдік ғимаратын тазартуға көмектесті

Фото:

Алматылық волонтерлер жаппай тәртіпсіздіктерден кейін қала әкімдігінің ғимаратын тазартуға жәрдемдесті. 

Алматы, NEGE. Жалпы тазарту жұмыстарына 150-ден астам адам жұмылдырылған. Бұл туралы HAQ қоғамдық қозғалысының жетекшісі Тоғжан Қожалиеваның айтты. 

«Атап айтар болсам, «Қызыл крест», «Жансая Әбдімәлік шахмат академиясы», Lider.kz, HAQ қоғамдық қозғалысы, «Narkostop», «Jas Otan» жастар қанатының мүшелері, сондай-ақ каскадерлар мен Алматы қаласының қамқор азаматтары жұмылдырылды. Олардың барлығы алдын ала жазылды, бізде тізім бар. Олар өз еркімен келді, қаланы қалпына келтіруге үлес қосқысы келеді. Көбінесе жастар. Бұл өте қуантады. Біз әкімдік ғимаратының үшінші қабатын тазалап жатырмыз», – дейді Тоғжан Қожалиева. 

Айта кетсек, қалада әкімдік ғимаратын тазарту жұмыстары 13 қаңтарда басталған. Оған шамамен 660 адам жұмылдырылды. Қираған жиһаз, кеңсе техникасы, қоқыс жиналып, кәдеге жарату үшін полигондарға шығарылады.

Тегтер: