Алматылық дәрігерлер Қытайдан келген әріптестерімен кездесті

Қазақстанға коронавирус инфекциясымен күресуде біздің дәрігерлерге консультациялық көмек көрсету үшін келген ҚХР медицина мамандары Алматыдағы әріптестерімен кездесті.

Алматы, NEGE. Делегация құрамында ҚХР-дан келген 10 пульмонология, эпидемиология саласындағы жетекші мамандар, қоғамдық денсаулық сақтау сарапшылары бар. Дәрігерлер Нұр-Сұлтан және Қарағанды қалаларындағы әріптестерімен өткен кездесудегідей, Алматы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдерімен, С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ профессор-оқытушылар құрамымен онлайн форматта кеңес өткізді. Еліміз бойынша ең көп коронавирус инфекциясын жұқтырған адамдар Алматыда анықталған – 535 адам.

Мегаполисте инфекция анықталған алғашқы жағдайдан бастап 85 адам сауығып шыққан. ҚХР дәрігерлері Алматы дәрігерлерінің COVID-19-ға қарсы күресте қабылдап жатқан шараларын жоғары бағалады және диагностика, емдеу және ұйымдастыру тұрғысынан жұмыстың қай тұсын күшейту қажет екені туралы ұсыныстарын айтты.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды