Алматылық оқушылар робототехникадан өткен халықаралық чемпионатта жеңімпаз атанды

2024 жылдың 7-11 наурыз аралығында Алматы қаласының оқушылары Кипрдің Никосия қаласында өткен «FIRST Tech Challenge Cyprus 2024» халықаралық робототехника чемпионатына қатысты.

Алматы әкімдігі

Алматы, NEGE. Турнир 25 команданы біріктірді: 18 жергілікті және 7 әлемнің түкпір-түкпірінен. Чемпионатқа Қазақстанның намысын қорғауға Алматы қаласынан «Sana team» командасы аттанған болатын.

10-11 сынып оқушыларынан құралған бұл командалардың құрамында: Білім Инновация Лицейінен – Тұрсынғали Әділ, Даулетқұл Арнар, Акипбек Осман, Дәулетұлы Алдияр, Смайл Дарын, Пахридин Аббас, Ыбрай Асылхан, Аширалин Илияс және М.Базарбаев атындағы №138 гимназиясынан – Аманкелді Шолпан бар. Нәтижесінде алматылық оқушылар «THINK AWARD» және «Winning Alliance AWARD» номинацияларын жеңіп, бірінші орыннан көрінді.

Қазір оқып жатыр

Жақсылық Омарға қатысты үкім қайта қаралады

Президенттің сәйгүлігі туралы шетелдік басылымдар жарыса жазып жатыр

«Мешітте түнеген»: Ата-анасымен ренжісіп, үйден кеткен жасөспірім қала сыртынан табылды

Атырау облысындағы отбасы өлімі: тергеу аяқталды