Алматылық құтқарушылар тауда адасқан ер адамды тапты

23 тамызда Іле Алатауы Қарғалы өзенінің бойында Үшқоңыр және Жайлау шатқалдарының арасында 3 адам демалып жүрген.

ТЖМ

Алматы, NEGE. Олардың біреуі, 1991 жылы туылған ер адам өзен бойымен жоғары көтерілуге бел байлап, қайта оралмаған. Келесі күні достары құтқарушылардың көмегіне жүгінді.

ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының тобы оқиға орнына жедел келіп, тәуліктің қараңғы уақытына және дауылды желге қарамастан туристі іздестіруге кірісті. 12 сағаттық іздестіру жұмыстарынан кейін 25 тамызға қараған түні құтқарушылар ер адамды тапты.

Ер адамға медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды

Мәсімовтің бұрынғы күйеу баласы қос азаматтығы болғанын мойындады

Вьетнамда ұсталған блогер Қайсар Қамза көшеде еркін қозғалып жүр