«Алматы-Қапшағай» бетон тас жолы неге асфальтталды?

«ҚазАвтоЖол» өкілдері тақтайдай тегіс бетондалған Қапшағай тас жолына неге қосымша асфальт жүргізілгенін түсіндірді.

АЛматы, NEGE. Бұл ақпарат әлеуметтік желіде таралған болатын.

2017 жылдың желтоқсанында және 2019 жылдың қаңтарында

«Алматы-Қапшағай» тас жолында ірі жол апаты болған еді. Көктайғақтан 6-20 автокөлік соқтығысты.

«Осы жол апатынан соң жол жабындысына эмульсиялық-минералдық қосынды төсеу туралы шешім қабылданды. Сырты қабыршақ, әрі жылу алмасу қасиеті жоғары жабынды жол апатының алдын алады. Жалпы алғанда осы жолдың солтүстікке қарай 5 шақырымына жабынды төселеді. Бұл жұмыстар қыркүйекте аяқталады», – деді «ҚазАвтоЖол» АҚ.

Қазір оқып жатыр

«Қыз Жібектің» камзолы Баян Алагөзовада қайдан жүр?

Тоқаев: Біріккен Ұлттар Ұйымына түбегейлі реформа жасау керек

Ақтөбеде 20 күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесі өзеннен табылды

«Көліктер жүзіп барады»: Нөсер жаңбырдан Алматы көшелерін су басты