Бекшин: Алматыда үнді штамы тіркелді

Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин эпидемиологиялық жағдай туралы айтты.

Алматы, NEGE.  Бекшиннің айтуынша, үнді штамы Алматыда 1984 жылғы К есімді  үй шаруасындағы әйелден анықталды. "Қазір онымен қарым-қатынаста болған 7 адам бақылауда. Өзі инфекциялық стационарда ем алып жатыр. 7 жастағы кішкентай қызы бөлек палатада. Оның жолдасы шетелде іссапарда жүр", – деді Бекшин. 

Айта кету керек, үнді штамының инкубация мерзімі – 7 күн.