Алматыға «Спутник Лайт» келді

Алматыдағы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына 'Спутник Лайт' вакцинасының 12 000 дозасы келді. Препарат ревакцинацияға арналған, – деп хабарлайды Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті.

Алматы, NEGE. Вакцина халыққа 24 қаңтардан бастап қаланың барлық емханасында қолжетімді болады.

Сонымен қатар, ревакцинация толық екпе алғаннан кейін кемі 6 айдан соң ғана жүргізілетіні жазылған.

"Спутник Лайт" - векторлық вакцина, оның құрамы "Спутник V" препоратының бірінші компонентіне ұқсас.

Қазіргі уақытта Алматыда ревакцинация үшін QazVac, Vero Cell және жаңадан келген "Спутник Лайт" вакциналары қолжетімді. Ал Pfizer өзінің контингентіне, сондай-ақ, 60 жастан асқандар мен медицина қызметкерлеріне салынады. 

Еске салайық, бұған дейін премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Pfizer компаниясы Қазақстанда ақылы вакцинация үшін өз препаратын ұсынбайтынын мәлімдеген болатын.