Алматыға осы айда «Спутник V» вакцинасының 50 мың дозасы жеткізіледі

Алматыдағы екпе салатын орындарға осы айда «Спутник V» вакцинасының 50 мың дозасы жеткізіледі.

Алматы, NEGE. Бұл туралы орталық қалалық клиникалық аурухана өкілі айтты. Қазір шаһарда бірінші компоненттің 20 мың, ал екінші компоненттің 32 мың данасы бар. Мамандардың айтуынша, екпе таусылған орындарға вакцина өзге орталықтардан тасымалданады. Қазір алматылықтар QаzVac және Sinofarm екпелерін салдыра алады. Жалпы мегаполисте ақпан айынан бастап қазанның үшіне дейін 956 925 адам екпенің бірінші компонентін алса, 866 728 адам екінші компонентін салдырған.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымын әскери альянс ретінде сипаттайтындарға жауап берді

Нұрәлі Әлиев нағашы әжесі Сара Назарбаеваның ісін қолға алмақ

Қырғызстанда ММА шебері Медет Жээналиев қаза болды

1 маусымда «Алматы жастары» бағдарламасына өтінім қабылдау басталады