Алматыға қытайлық CoronaVac вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді

Қытайдың коронавирусқа қарсы CoronaVac вакцинасының алғашқы 500 мың дозасы Бейжіңнен Алматыға жеткізілді. Алматылықтар қытайлық вакцинаны ертеңнен бастап салдыра алады деп хабарлады қала әкімдігінің telegram арнасы.

Алматы, NEGE. Препаратты қытайлық "Sinovac Biotech Ltd" биофармацевтикалық компаниясы шығарғаны хабарланды. Бұл вакцина қазақстандықтар үшін қолжетімді коронавирусқа қарсы төртінші препарат болмақ. Препарат арнайы бортпен жеткізілген. 

"CoronaVac" вакцинасын еліміздің Денсаулық сақтау министрлігі мақұлдағаны атап өтілді. Бұл препаратты тек алматылықтар ғана емес, жалпы ел азаматтары салдыра алады. "СoronaVac" вакцинасында SARS-CoV-2 антигені бар. Бір құтыда 0.5 мл/доза, препарат 14-28 күн аралығымен екі рет вакцинациялауды көздейді. Вакцинация 18 жастан асқан тұрғындарға жасалады. Вакцина 2 8 градус температурада сақталады.

Қазір оқып жатыр

ШҚО-дағы Артемьев шахтасында жұмысшы қаза тапты

Ақтөбеде Жеңіс күніне арналған еске алу шаралары өтті

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысты

Қонаевта Жеңіс күніне орай боздақтар рухына тағзым жасалды