Алматыға келген адамнан COVID-19 анықталды

Соңғы тіркелген КВИ жағдайлары бойынша ақпарат жарияланды, - деп хабарлайды жедел штаб тілшісі.

Алматы, NEGE. Жамбыл облысында бүгін 2 жағдай тіркелді. Бірінші жағдай Қордай ауданынан анықталды. Жүргізуші, Павлодар тұрғыны Қырғызстаннан Алматыға бара жатқан. Мемлекеттік шекарадан өтерде "Қарасу" бекетінде алынған талдау оң нәтиже көрсетті.

Екінші жағдай Тараз қаласында анықталды. Қала тұрғыны ЖРВИ диагнозымен провизорлық стационарға жатқызылды.

Атырау облысында 3 жағдай тіркелді. Біріншісінде 36 жастағы жергілікті тұрғын жүрек-қантамыр ауруымен облыстық кардиоорталыққа жеткізілді. Тексерілгеннен кейін науқаста пневмония анықталды. Алгоритмге сәйкес изоляторға орналастырылды, одан кейін инфекциялық стационарға жатқызылды.

Қазір оқып жатыр

Атырау облысында дронға ұқсас техниканың бөлшектері табылды

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды