Алматыға Хабиб келеді
UFC чемпионы Хабиб Нұрмагомедов Алматыда өтетін GFC лигасының қорытынды кездесуін тамашалау үшін Қазақстанға келеді. Бұл жөнінде лиганың Instagram-дағы ресми парақшасы мәлімдеп отыр.
Алматы, NEGE. Gorilla Fighting Championship промоушндігі 25 желтоқсанда осы жылдың қорытынды сайысын өткізіп, кештің арнайы қонағы Хабиб Нұрмагомедовпен қазақстандық журналистер арасында баспасөз мәслихатын беруді көздеуде. Кештің негізгі кездесулерінің бірі қазақстандық спортшы Хамит Қуатов пен тәжікстандық спортшы Нұролла Әлиевтің арасында өтеді.
Әлеуметтік желіде Хабибтің жуырда өзбек астанасы Ташкентте болған жекпе-жек өнерінің жарысына арнайы қонақ боп барғаны айтылды. Сол жарыста оның Омар Нұрмагамедов есімді жауынгер інісі өнер көрсетті. Желі беттерінде кеш қонақтарын Өзбекстан президентінің кіші күйеу баласы Отабек Умаров сән-салтанатпен қарсы алғаны да қызу талқылануда.