Алматыдан ұшып шыққан ұшақ әуежайға оралуға мәжбүр болды

Алматыдан Қостанайға ұшып шыққан FlyArystan әуе компаниясының борты әуежайға қайтып оралды.

Алматы, NEGE. Әуе компаниясы ұшақтың неліктен қайтып оралғанына қатысты түсінік берді. «FlyArystan әуе компаниясының Алматы-Костанай бағытындағы КС7141 рейсінің орындалуы барысында дабыл белгісі ойнап, ұшақта ақаудың бары туралы хабарлама келді. Техникалық регламентке сәйкес сапарды жалғастыра беруге болар еді. Алайда әуе компаниясының шешімімен Қостанайдағы әуежайда инженерлік-техникалық қызмет болмағандықтан бортты қайтару туралы шешім қабылданды. Қазіргі уақытта әуе кемесі ары қарай пайдалануға жіберілді. Жұмыс уақыты бойынша шектеулерге байланысты ұшақтың эипажы ауыстырылды», - деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметінен.

Қазір оқып жатыр

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдейді: келіссөз қашан аяқталады?

Прокурор ерлі-зайыпты Жаныбыловтарды 4 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

Алматылықтардың көлік салығы 7 млрд теңгеден асқан

Жүргізушіге ым-ишара тілінде көмек көрсеткен полицей елдің ықыласына бөленді