Алматыдан 883 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Төтенше жағдайлар министрлігі «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістеме экспедициясы» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 20 сәуір күні Алматы уақытымен сағат 10:59-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Алматы, NEGE. Зілзала ошағы Алматыдан батысқа қарай 883 шақырым қашықтықта, Өзбекстан аумағында болған. Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 9.7. Магнитудасы - 4.3 MPV. Бағыты 42.68° с.е, 66.13° ш.б орналасқан. Тереңдігі – 15 шақырым. Сезілу деңгейі туралы мәлімет жоқ.