Алматыдан 755 шақырым қашықтықта жер сілкінді

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 17 желтоқсан күні Алматы уақытымен сағат 09:26-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE. «Жер сілкінісінің эпицентрі Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 755 шақырым қашықтықта, Тәжікстан аумағында орналасқан.

Энергетикалық класы – 10.04.

MPV магнитудасы – 4.7.

Эпицентр координаттары – 39.97° с.е. 69.88° ш.б.

Тереңдігі – 5 км.

Сезілуі жайлы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ», - делінген хабарламада.