Алматыдан 713 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Бұл туралы ҚР БҒМ ҒК СТӘЭ мемлекеттік мекемесі хабарлайды.
Алматы, NEGE. 12 наурыз күні 02 сағат 52 минут 24 секундта жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 713 шақырым жерде Тәжікстан аумағында орналасқан. Магнитудасы: 5,4 Тереңдігі: 100 км.