Алматыдан 419 км қашықтықта жер сілкінді
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан шығысқа қарай 419 км қашықтықта Қытай шекарасында орналасқан.
Алматы, NEGE. ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі 17 қыркүйек күні 15 сағат 06 минут 00 секундта cағат (Гринвич бойынша 09 сағат 06 минут 00 секундта) жер сілкінісін тіркеді
Зілзаланың энергетикалық класы 10.2. Магнитудасы 4.0. MPV. Бағыты 43.38°с.е. 82.06° ш.б. Тереңдігі 10 км. МSК-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат жоқ.