Алматыдан 366 шақырым қашықта жер сілкінді
ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен 03 сағат 11 минутта жер сілкінісін тіркеді.
Алматы, NEGE. Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 366 шақырым қашықта, Қытай Халық Республикасының аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.5. Магнитудасы - 4.3. Жерасты дүмпуі 30 шақырым тереңде болған. МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.