9 июля 2023 г. 17:51
Алматыдан 266 шақырым жерде магнитудасы 4,8 балл болатын жер сілкінісі тіркелді
9 шілдеде сейсмологтар Алматыдан 266 шақырым жерде магнитудасы 4,8 балл болатын жер сілкінісін тіркеді.
Алматы, NEGE. Жер сілкінісі Алматы уақытымен 14:54-те тіркелген. Жер сілкінісінің ошағы Қытайда орналасқан.
Магнитудасы 4,8 балл болды. Жер сілкінісінің тереңдігі 10 шақырым деп белгіленді.