Алматыдан 25 шақырым жерде жер сілкінді
Бүгін Алматыда сағат таңғы 04:12 кезінде жер сілкінісі болды.
Алматы, NEGE. «Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 25 шақырым жерде, Қазақстан аумағында болған.
Зілзаланың MPV магнитудасы - 4,2. Тереңдігі - 20 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ», - делінген «Алматы» кезекші операторының хабарламасында.