Алматыдан Астанаға бағыт алған ұшақтың кешігуіне рейс күнін шатастырып алған жолаушы себеп болды

Qazaq Air-дің 4 тамыз күні 23:55-те ұшуы тиіс рейсі борттағы артық жолаушыға байланысты тоқтатылды.

видео-скрин

Алматы, NEGE. Ер адам рейс күнін шатастырып, келесі күнге арналған билетімен ұшаққа мініп кеткен.

«Бұл менің қателігім. Рейсімді шатастырыппын… Кешірім сұраймын», – деді ол.

Осы жағдайға байланысты барлық жолаушы ұшақтан түсіріліп, қайта тексеруден өтті.

Нәтижесінде ұшақ тек 5 тамыз күні таңғы 02:15 шамасында әуеге көтерілді.

Аталған оқиға әлеуметтік желіде де қызу талқыға түсті. Көпшілік жолаушының қателігінен бұрын, ол бірнеше деңгейдегі тексеруден еш қиындықсыз өтіп, ұшаққа қалай кіріп кеткенін түсіне алмай, таңданысын білдірді.

Қазір оқып жатыр

Біріккен Араб Әмірліктері ОПЕК-тен шығу туралы шешім қабылдады

Үйқамақта болуы тиіс Олеся Кексель Алматы әуежайында не істеп жүр?

Жамбыл облысында экс-депутаттың партиядан шығарылуына қатысты іс қайта қаралады

АМӨЗ-дегі экологиялық жанжал және Атырау тұрғындарының денсаулығы: деректер не дейді?