Алматыдан 500 шақырым жерде жер сілкінісі тіркелді

2025 жылғы 6 мамырда қазақстандық сейсмологтар 5.3 баллдық жер сілкінісін тіркеді.

ғаламтордан

Алматы, NEGE. Қазақстанның сейсмологиялық бақылаулар мен зерттеулердің ұлттық ғылыми орталығы сейсмикалық станциялар желісімен Астана уақытымен сағат 13:08-де Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 544 км жерде Тәжікстан аумағында орналасқан жер сілкінісі тіркелгені туралы ақпаратты жариялады.

Қазақстандық ұлттық деректер орталығының мәліметінше, ошақ Тәжікстан мен Қырғызстан шекарасында орналасқан. Mb = 5.3 магнитудасы, K = 12 энергетикалық класы. Қазақстанда дүмпулер сезілмеді.

Қазір оқып жатыр

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін

СІМ Ресейдегі жаппай төбелес туралы: қазақстандықтар арасында ауыр жарақат алғандар жоқ

«Үй кезегі келді»: Алаяқтар адамдарды алдаудың тағы бір тәсілін ойлап тапты