Алматыдағы ұлттық парктер уақытша жабылады
Бүгіннен бастап Алматыдағы ұлттық парктер уақытша жабылады. Қала билігі осындай шешім қабылдады.
Алматы, NEGE. Енді Медеу, Алма Арасан және Бутаковка аталып кеткен орындарға көліктермен баруға болмайды. Тек жаяу немесе велосипедпен ғана қатынауға рұқсат беріледі. Оның өзінде ұлттық парктер демалыс күндері жұмыс істемейді. Келушілерге өзімен бірге тамақ алып жүруге тыйым салынған. Ұлттық парктерде спортпен шұғылдануға ғана болады. Ал от жағып, шатыр тігуге рұқсат жоқ.