Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде есірткі сатып жүрген азамат ұсталды

Алматыда арнайы іс-шара барысында түнгі клубтардың бірінде есірткі сатып жүрген азамат құрықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Алматы, NEGE. Ойын-сауық мекемесінің аумағында синтетикалық мефедрон есірткісін сатып жүрген 27 жастағы ер адам ұсталды.

– Біздің бөлімшенің жедел қызметкерлері мен полицияның арнайы жасағы таңғы сағат үште арнайы іс-шара жүргізді. Күдікті қамауға алынды. Біздің мәліметіміз бойынша, түнгі клубқа келіп жүрген 27 жастағы Р.есімді азамат есірткі таратумен айналысқан, – деді, Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Ерлан Әлмағамбетов.

Күдіктіні тінту барысында ашық-сұр түсті ұнтақ түріндегі синтетикалық заты бар бума табылды. Қоспа тәркіленіп, сот-химиялық сараптамаға жіберілді.

Сотқа дейінгі тергеу ҚР ҚК-нің 297 бабы (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша тіркелген. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Лукашенко мен Путинге қазақстандықты босатуға көмектескені үшін алғыс айтты

Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті

Алматыда жаппай төбелес кезінде екі оқушы көз жұмды

Трамптың ұлдары Қазақстандағы вольфрам жобасына қаржы құйды