Алматыдағы «Тұлпар» базары сәуір айынан бастап жабылады
Бұл туралы Алмалы ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында қала әкімі Ерболат Досаев мәлім етті, деп хабарлады Qazaqstan телеарнасы.
Алматы, NEGE. «Қаладағы барлық базар иелері заңға, келісімшартқа сай, базарларды жаңартуы тиіс. Соның ішінде «Тұлпар» базары да бар. Олар жаңартылғанша адамдарды уақытша басқа жаққа ауыстырады. Біз бұл жұмыстарды жылдан жылға кейінге шегеріп келеміз, оны бастау қажет»,- деді Досаев.