Алматыдағы Шагабутдинов көшесіндегі жол жабылады

Алматыдағы Шагабутдинов көшесінің екі учаскесінде жол жабылады.

 Алматы, NEGE. 21 шілде мен 4 тамыз аралығында Шагабутдинов көшесі бойымен Мақатаев көшесінен Гоголь көшесіне дейін аумақ жабылады. Көлік қозғалысы екі жаққа да шектеледі.

21 шілде мен 11 тамыз аралығында Шагабутдинов көшесі бойымен Әйтеке би көшесінен Гоголь көшесіне дейінгі аумақ жабылады. Көлік қозғалысы шығысқа қарай бір бағытта шектеледі. Бұл жер астындағы құбырға жоспарлы жұмыс жүргізілуімен байланысты.