Алматыдағы ресейлік консулдықта жарылғыш зат қойылды

Алматыдағы Ресейдің Бас консулдығы ғимаратында жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар таратылды.

Алматы, NEGE. Белгісіз қаскүнем жексенбіде жалған ақпарат таратқан. Құқық қорғау органдары тексеру жүргізіп, қауіптің жалған екенін анықтаған. Қазір тексеру жүргізіп

Белгісіз адамнан хабарлама консулдықтың электрондық поштасына сағат 10.00 (Мәскеу уақытымен 07.00) шамасында түскен.

"Хабарламада Ресей мен ресейліктерге қауіп төндіретін өте жағымсыз мәтін жазылыпты. Хат соңында ғимаратта жарылыс зат бар делінген. Осы жағдайда істелінуі тиіс барлық шараларды қабылдадық. Атап айтқанда, қазақстандық тарап өте жедел, кәсіби әрекет етті, біз өте ризамыз",  –  деді дипломат, Бас консулдықтың кеңесшісі Владимир Малышев.

Оның айтуынша, консулдыққа келген кинологтар ғимараттың іші-сыртын тексерген, бірақ жарылғыш заттар табылмаған.

"Біз өз тарапымыздан да шаралар қабылдадық. Ештеңе табылған жоқ, бұл жалған қауіп болған", – деді ол.