Алматыдағы Орталық ауруханада 182 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған

Алматыдағы Орталық қалалық клиникалық ауруханада тағы 35 дәрігерден коронавирус анықталды.

Алматы, NEGE. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасындағылар айтты. "Орталық қалалық клиникалық ауруханада барлығы 182 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырды. Соңғы тәулікте тағы 35 адам жұқтырды", - делінген басқарманың хабарламасында.

Еске салайық, мұның алдында осы ауруханада 147 медициналық қызметкер коронавирус жұқтырған болатын. Қазіргі уақытта бірнеше дәрігер "Көктем" шипажайына карантинге жатқызылды. Ал аурухана карантинге жабылды.

Ал кейінірек аурухананың бас дәрігері ауысқаны хабарланды.

Қазір оқып жатыр

«Шаршап кеттім»: Еркебұлан Тоқтар жеңілістен кейін үзіліс алатынын айтты

Шымкентте дәріханалардағы егу бөлмелерінде 4 адам қайтыс болған

Екінші әйелін шәкіртіне берген Құрбанәлі Ахметке айыппұл салынды

Мұрат Адам: Мен енді адвокат емеспін