Алматыдағы өрт шыққан хостелдің басшысы қамалды

Күдікті Мухамедъяров А. уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы, NEGE. «Бас Прокурордың тапсырмасына сәйкес қылмыстық іс арнайы прокурордың іс жүргізу өндірісіне қабылданды. Құқық қорғау органдарының тәжірибелі қызметкерлерінен құралған ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды. Өрттің шығу себебі мен алғышарттарын анықтау мақсатында оқиға орнына қарап-тексеру жүргізіліп, сараптамалар тағайындалып, өзге де жедел-тергеу іс шаралары ұйымдастырылып жатыр. Сол күні осы қылмысты жасады деген күдікпен хостелді жалға алушы А.Мухамедъяров прокурорлармен ұсталып, уақытша ұстау изоляторына оқшауландырылды», - делінген ҚР Бас прокуратурасының хабарламасында.

Қазір оқып жатыр

Ақтауда полицей қызметтік көлікпен 1,5 жасар баланы қағып кетті

«Бәріне төрешілер кінәлі емес»: футбол арбитрлері кәсіподақ ашуды қолға алды

Сот Қуандық Бишімбаевтың туысының кассациялық шағымын өзгеріссіз қалдырды

Қазақстанда жұмыс берушілер қызметкерін скринингке жіберуге міндеттелмек