Алматыдағы метроның жаңа станциялары қашан ашылады?
30 мамырда сағат 10:00-де 'Сарыарқа' және 'Бауыржан Момышұлы' метро станциялары іске қосылады. Олар қазіргі қызмет көрсетіп тұрған тоғыз станцияның жалғасы ретінде қала орталығын жатын аудандармен байланыстырады.
Алматы, NEGE. Екі жаңа станция іске қосылғаннан кейін метро желісінің жалпы ұзындығы 3,1 шақырымға ұзарып, енді 13,4 шақырымды құрайтын болады. Желі бойына 7-10 минут сайын жүретін төртвагонды 15 электр пойызын жіберу жоспарланған.