Алматыдағы мектептің бірінші сыныбына 714 бала қабылданған
"Ю" әрпімен белгіленген бірінші сынып N157 жалпы білім беретін мектепте пайда болды, бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
Алматы, NEGE. Ол қаланың Наурызбай ауданында орналасқан. Биылғы оқу жылында бұл мектептің 1-ші сыныбына 714 бала қабылданды. Бірінші сынып оқушылары 28 сынып-жиынтығына бөлінді. Офлайн оқытуды ұйымдастыру кезінде сыныптардың толықтырылуы 25 оқушыдан аспайды.
«Alma City», «BI Group» және «Шұғыла» жаңа ықшам аудандарының салынуына байланысты мектепте сынып-жиынтықтар саны артты. Жалпы, бұл мектепте 1-ші сыныптан 11-ші сыныпқа дейін биылғы оқу жылында 4862 оқушы бар. Олар 185 сынып-жиынтыққа бөлінген»,-деді Алматы қаласы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, мектепте бұған дейін ата-аналардың өтініші бойынша 1118 оқушы онлайн оқытуға көшкен болатын. Сондықтан осы оқу орнында офлайн форматта 177 сыныпта оқитын болады. Олар екі ауысымға бөлінген: 88 - бірінші, 89 - екінші. Ол үшін мектепте 95 кабинет бар.
Мектеп бойынша барлығы офлайн режимде 2 ауысымда 177 сынып-білім алушылар оқиды. 1 ауысымда 88 және 2 ауысымда 89 сынып жиынтығы.