Алматыдағы кинотеатрлар өз жұмысын «Ashyg» жобасы бойынша бастайды

Алматыда кинотеатрлар 17 сәуірден бастап ашылады. Бұл туралы қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы, NEGE.  «Қызыл» аймақ жағдайында кинотеатрларға келушілердің QR-коды «билет кассалары» аймағына кіреберісте сканерленетін болады. «Қызыл» немесе «сары» статус анықталған жағдайда алдын ала сатып алынған билет қайтарылады. «Кинотеатрларда бес жасқа дейінгі балалар QR-кодты сканерлеуден босатылады, яғни олардың белгісі «жасыл». Кейінірек балалар арасында COVID-19 жұқтыру деректерін ескере отырып жасты қайта қарастырамыз», - деп түсіндірді Сәдуақас Байғабылов. Оның айтуынша, «Ashyg» жобасымен 15 сәуірде коронавирус жұқтырған 24 алматылық фитнес, бассейн, боулинг және компьютерлік клубтарға кіргізілмеген. Сонымен қатар, ол «қызыл» (ауырып жүрген және «сары» (байланыста) болған алматылықтар, COVID-19 жұқтырып, ауруы симптомсыз не жеңіл өтіп жатқан адамдар 14 күндік оқшаулануды сақтамайтынын атап өтті. Айта кетейік, 9-15 сәуір аралығында 235 алматылық «Ashyq» өтуге тырысып, мекемеге кірмек болған.

Қазір оқып жатыр

Ақтау теңіз портының бұрынғы басшысы сотталып, сот залында босатылды

Қазақстанда соғыс ардагерлерінің әрқайсысына 10 мың доллардан көмек берілді

Оралда өлім себебін жасырған сарапшы сотқа тартылды

Нұрай Серікбайдың қазасы: полиция күдіктінің туыстарын тексеріп жатыр