9 июля 2023 г. 15:15

Алматыдағы «Кенжехан» базарындағы өрт сөндірілді

Фото:

9 шілде сағат 12:00-де Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары Алатау ауданы, солтүстік айналма 118/4 мекенжайына жіберілді.  

Алматы, NEGE. Өрт сөндірушілер жеткенде  контейнерлік типті қоймалар жанып жатқан.

Жедел Штаб ашылды, өртті сөндірудің үш учаскесі анықталды-көрші тұрған контейнерлерді сөндіруге және қорғауға өрт оқпандары енгізілді.                

Тауарлық-материалдық құндылықтары бар қоймалардың, көптеген көліктердің үлкен жану жүктемесіне,  базар аумағындағы адамдардың болуына қарамастан, өрт сағат 14:05-те жойылды.

Мерт болғандар мен зардап шеккендер жоқ. ТЖД күштері мен құралдары 74 адам, 20 бірлік техника құрамында және қаланың басқа да қызметтері жұмылдырылған.

Тегтер: