Алматыдағы ең қымбат сауда орталығында төтенше жағдай болды
Алматыдағы Esentai Mall сауда орталығынан адамдар шұғыл шығарылып жатыр.
Алматы, NEGE. Алматы полициясы сауда орталығындағы адамдарды эвакуациялаудың себебін түсіндірді.
«Құқық қорғау органдарына Алматыдағы жылдам тамақтанатын мейрамханалардың біріне жарылғыш зат қойылғаны туралы хабар түсті. Қазір бұл ақпаратты тексеру үшін барлық қажетті шаралар қабылдануда. Эвакуация жасалды. Осы оқиғаға байланысты барлық жедел әрекет ету қызметтері күшейтілді», – деп хабарлады Алматы қалалық ПД баспасөз қызметі.